375
30 бас Қамбар ата түлігі Елек өзенінде, жағадан 400 метр жерде судан өздігінен шыға алмай үйіріліп қалған.
Аймақта жолдарды еріген қар суы шайып, 7 ауыл көлік қатынасынсыз қалды. 119 үй суға кетіп, 315 тұрғын эвакуацияланды. Тасқын су “Ақтөбе-Атырау” тас жолының бойындағы екі көпірді бұзып өтті.
Ақтөбелік шенділер су тасқынынан зардап шеккен бірде бір облыс тұрғыны көмексіз қалмайды деді.