Түркістан облысы: мүмкіндігі шектеулі жандар өздеріне төленетін жәрдемақының көлемін көтеруді талап етті

Теги: ,
271

Кентау қаласында мүмкіндігі шектеулі тұрғындар ай сайын 36 мың мен 70 мың теңге аралығында ақы аладтындарын алға тартуда. Ол бүгінгідей қымбатшылық заманда дәрі-дәрмектен артылмайды. Сол себепті жәрдемақыны көтеруді талап етеміз деді мәселені көтергендер. Мемлекет қамқорлығындағы жандар өздеріне берілетін түрлі құрылғылардың да сапасы сын көтермейтінін көрсетті. Тіпті күнделікті қажетті жөргектің өзіне зармыз деп отыр.

Зухра Нұрмұхамедова, жеке көмекші:

— Мен қайын атама қараймын. Он жылдан бері аяғы сал боп жатқан адамды сыртқа шығаратын қол арбасы жоқ. Бізге берілгені балаларға арналған түрі. Оған атам симайды да. Ал памперс күніне екеу-ақ береді, онысы жетпейді. Жөргек төсеп амалдаймыз. Онсыз да қиналып жүрген жандарға жағдайды жасап қойса болады ғой…

-Қытайдың қол арбасын береді. Оның сапасы нашар. 6-7 жылға деп береді. Ол бір-ақ жылға әзер шыдайды. Германияда, Фин елінде жасалған сапалысын берсе болады ғой, қазірдіңөзінде сықырлап тұр, -деді 1-ші топтағы мүгедек Дастан Орынбасаров.

Кентау қаласында он мыңға тарта мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Бірақ тиісті жағдай жасалмаған -деп биліктегілерге өкпелі. Айтуларынша, өздеріне қызмет көрсететін арнайы инватакси де жетіспейді. Бары үшеу-ақ, оны сағаттап күтеміз,- дейді төзімі таусылғандар. Зағип жандар бағдаршамнан өту кезінде қиналады, ал арбаға таңылғандар арыз-шағымын арқалап барған мекемеге кіре алмайды. Кейбірінде пандус жоқ. Барының өзі талапқа сай емесін айтады наразы топ.


«Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дүйсенәлі Жүсіпов

көпшілігінің оңалту орталығына бара алмайтынын жеткізді:

«Түркістан облысында бір де бір арнайы орталық жоқ. Бізде жүз мыңға жуық мүгедек бар. Ал ақылы ем қабылдауға басым бөлігінің қаражаты жетпейді. Бірінші топ мүгедегінің алатыны — 69 мың теңге. Екінші топ мүгедегінің қолына тиетіні — 63 мың теңге. Шыны керек, ол түкке де жетпейді. Ол ақшаға дәрі алады ма, сауықтыруға барады ма?! Бұл азаматтар отбасын асырай алмайды да..».

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күтім жасайтын жеке көмекшілердің де көңілі толмайтын мәселе көп көрінеді. Олар да жалақыларын көбейтуді сұрап жүр. Алатымыз 50 мың теңге дегендер көршілес Түркістан қаласындағылар өздерінен әлдеқайда көп алатын мысал қылды.

« Кентауда мысалы мен 50 мың теңге жалақы аламын. Ал тиіп тұрған Түркістанда мен сияқты жұмыс істейтін көмекшілер 87 мың теңге алады. Алматыда одан да көп төленеді. Бізге еңбек өтілі де жүрмейді, зейнетақы салымдары да, медициналық сақтандыру да жоқ. Қолға тиетін елу мың теңгені ештеңеге жеткізе алмаймыз», -деді жеке күтуші болып жұмыс істейтін Жазира Жанасбаева.

Мүмкіндігі шектеулі жандар көтерген көп мәселеге Түркістан облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары жауап берді.

Нұржан Нұрашев, Түркістан облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары :

-Мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемасына қанықпыз. Дәл қазір жәрдемақы көлемін көтеруге қолымыз қысқа. Бұл жөнінде республикалық органдарға біз ұсыныс бердік. Сонымен қоса жеке көмекшілердің айлығын көтеру жөнінде де ұсыныс бар. Ал памперстердің санын көбейту жөнінде ел бойынша қаралып жатыр. Сондай-ақ, оңалту орталығына қатысты айта кетейін. Келер жылы арнайы орталық ашамыз деп отырмыз Қажетті қаражат бөлінсе, биыл 200 орынға лайықталған орталықтың құрылысы басталатын болады.

Предыдущая запись
Ақтөбе облысы: құтқарушылар су ортасында қалған бір үйір жылқыны айдап шықты
Следующая запись
Ақтөбе: мектеп оқушысы әлемнің тоғыз университетінде оқуға шақырту алды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню