410
Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе облысы экология департаментінің бұрынғы басшысы бір компанияның иесінен І санаттағы объектілерге экологиялық рұқсат беру туралы шешім үшін 400 мың теңге көлемінде пара алған.
Сот бұған дейін экс-бас экологты ҚК-нің 366-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, бірақ бас бостандығынан айырмай, оған тек 30 еселенген пара сомасы — 12 млн теңге айыппұл салған болатын.
Жақында бұл іс қайта қаралып, сот алқасы жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін ескеріп, неғұрлым қатаң жаза тағайындау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 61 жастағы экс-шенеунік 3 жылға бас бостандығынан айырылды.