Ақтөбеде газ құю бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Теги: ,
253

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Ақтөбедегі оқыс оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы төраға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Сыйымдылығы 46 текше метр цистернаның жарылуынан шыққан өрт 22 шаршы метр жерді шарпыған. Өрт салдарынан Toyota Camry жеңіл көлігі, бір жүк тиеу автотехникасы жанып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр», — деді комитет төрағасы.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабының 1-бөлігімен (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) іс қозғалды.

Еске салсақ, кеше Ақтөбе облысы, Алға ауданындағы газ құю бекетінде цистерна жарылған болатын.

Предыдущая запись
Түркістан облысында ауыз су құбырынан шыққан жылан жұртты шошытты
Следующая запись
Жолаушы ұшақтарының рейстері жиі кешігуіне байланысты тергеу амалдары басталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню