399
Ақтөбе облысында жексенбі күні жантүршігерлік жол апаты орын алды. Темір ауданына қарасты “Покровка – Жаңажол” автожолының 54-ші шақырымында болған апат салдарынан 5 адам қайтыс болды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылы бағытында Lada Largus автокөлігі аударылып қалған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік құралын басқарған 40 жастағы әйел және үш жолаушы (оның ішінде бір бала) оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды. Сонымен қатар бес адам (оның ішінде үшеуі бала) Кеңкияқ ауруханасына жатқызылды» деп хабарлады ведомствадан.