353
Еліміздегі автобустардың 73%-ының жасы 10 жылдан асқан. Биылғы жылдың тоғыз айында қазақстандық автобус парктері 7 млн жолаушыны тасымалдады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6%-ға көп, деп хабарлдайды Ұлттық статистика бюросы.
Атап айтқанда, автобус парктерінің жолаушылар айналымы 31,6 млрд ж-км құрады.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде барлығы 82 960 автобус тіркелген, олардың көпшілігі Алматыда (10 449 бірлік). Ең азы – Ақтөбе облысында. Онда автобустардың саны 2 265 бірлік айналасында.