Прокуратура органдары қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде ұсталғандарға азаптауды қолданған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда. Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының Полиция департаментінде үтік басумен азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады. Бұл туралы Бас прокуратурадағылар мәлімдеді.
«Полиция қызметкерлерінің 2022 жылдың 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді. Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды, оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды» делінген ведомства мәліметінде.
Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын екенін атап өтті.