«Қайта-қайта олқылықтар болып жатыр»: Президент Үкіметтің жұмысын сынады

Теги: ,
397

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметтің жұмысын сынға алды.

«Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек.

Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс», — деді Мемлекет басшысы. Жалпы, ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр»,-деді Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде осыдан кейін халықтың көңілі толмайтынын атап өтті.

«Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді», — деді ол.

Предыдущая запись
Өзбекстанның екі азаматы жалған құжатпен Қазақстан аумағынан шықпақ болды
Следующая запись
Түркістан облысындағы медицина мекемелеріне 75,6 млн айыппұл салынған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню