Алаяқтар Полиция департаменті басшылығы атынан хабарласа бастаған

Теги: ,
332

Маңғыстау облысында интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткен. Бұл туралы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болатбек Ақшауов айтты. Департамент өкілі қылмыскерлер қандай схема бойынша әрекет ететіндігін де мәлім етті.

Олар тұрғындардың ұялы телефонына қоңырау шалып, өздерін полиция қызметкері ретінде көмегін ұсынады. Солардың ішінде өздерін тіпті Полиция департаменті бастығының орынбасары деп таныстырып жатқандар бар көрінеді.

«Жалған полицей қазіргі кезде ҚР Ұлттық банкімен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқандығын хабарлайды және Ұлттық банк қызметкерімен байланыстыру үшін желіде қалуды сұрайды», – деді Болатбек Ақшауов.

Әрі қарай алаяқтар сіздің картаңыз бойынша рұқсатсыз ақша аудару әрекеттері жүріп жатқанын және ақшаңызды үнемдеу үшін белгілі бір соманы банктік шотыңызға немесе үшінші тұлғалардың шотына салу керек екенін түсіндіреді. ПД бастығының орынбасары тұрғындардан қырағы болуларын сұрады.

«Есіңізде болсын, полиция қызметкерлері ешқашан телефон арқылы арнайы операциялар мен тергеу әрекеттерін жүргізбейді. Мұндай мақсаттар үшін біз полиция бөлімшесіне келуге шақырамыз. Бұл ретте келетін күн мен уақытты белгілейміз. Сонымен қатар, есіңізде болсын, банк қызметкерлері сіздің картаңыз туралы деректерді ешқашан сұрамайды. Сондай-ақ ұялы телефоныңызға келетін кодтарды беруді талап етпейд»і, – деп атап өтті ол.

Мұндай жағдайларда телефонмен сөйлесуді тоқтатып, банк картасында немесе банктің ресми сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қоңырау шалу керек.

Ведомстваның мәліметінше, қазіргі уақытта мұндай интернет алаяқтарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізіліп жатыр.

Предыдущая запись
ІІМ: Елімізде жол-көлік апаттарының саны көбейді
Следующая запись
Қолайлы климат — инвестиция тартудың ең жақсы шарты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню