ІІМ: Елімізде жол-көлік апаттарының саны көбейді

Теги: ,
336

Елімізде жол-көлік апаттарының саны көбейді. Жыл басынан бері мұндай оқиғалар саны 9 пайызға өскен. Соның салдарынан салдарынан қайтыс болғандар 17 пайызға, ал жарақат алғандар саны 9 пайызға өскен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұратәлиев мәлімдеді.

«Еліміздің жолдарында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау Ішкі істер министрлігінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып отыр. Оны жүзеге асыру үшін жол жүрісі қауіпсіздігінің деңгейін арттыру бойынша ұйымдастырушылық, практикалық және құқықтық шаралар кешені қабылданып жатыр», — деді комитет төрағасының міндетін атқарушы.

Бұдан өзге спикер жол апаттарының көбі жылдамдықты асырудан орын алатынын атап өтті. Соңғы 7 айда жүргізушілердің жылдамдықты асыруы кезінде 1 136 жол-көлік оқиғасы болған. Соның салдарынан 156 адам мерт болып, 1 442 адам жарақат алған.

«Әрбір жетінші апат (14%) жүргізушілердің елді мекенде белгіленген жылдамдықты сақтамауынан болып жатады. Жол-көлік оқиғаларында мерт болғандардың жалпы санында әрбір жетіншісінің (13%) өмірі осы себептен қиылады және әрбір жетінші адам (14%) жарақат алады»,-деді ол.

Предыдущая запись
Шымкентте туристік сала мамандары оқытылады
Следующая запись
Алаяқтар Полиция департаменті басшылығы атынан хабарласа бастаған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню