463
Алматы облысындағы Жамбыл ауданында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Оқиға бүгін, 23 тамыз күні Алматы-Бішкек тас жолының 92 шақырымында орын алды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, «ЛАДА» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Содан «ЮТОНГ» автобусымен соқтығысқан.
Оқиға орнында жеңіл көліктің жүргізушісі көз жұмды. Сондай-ақ, жол апатынан Ұзынағаш ауылының ауруханасына түрлі жарақатпен автобус жүргізушісі жеткізілді.
Көлік апаты бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.