338
Оқиға сенбі күні сағат 20:40 шамасында Еңбекшіқазақ ауданындағы Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында орын алды.
Audi көлігін тізгіндеп келе жатқан 22 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмаған. Жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен ол қарсы бағытта келе жатқан Renault автокөлігіне соғылған. Оқиға орнында 5 адам мерт болған. Тағы 3 адам ауруханаға жеткізілген.
«Кәмелет жасына толмаған 3 бала түрлі дене жарақатымен Шелек ауруханасына түсті. Аталған факті ҚР ҚК 345 бабы 4-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды»,- делінген облыстық Полиция департаменті хабарламасында.