432
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқушы қыз жүзе алмайды екен. Ол Бадам өзенінің үстіндегі құбырдан абайсызда құлап түскен. Оқиға 7 тамыз күні орын алған. Құтқарушыларға жазатайым оқиға туралы хабарлама сағат 14.17-те келіп түскен. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылған. Су астында бірнеше сағат бойы іздестіру жұмыстары жүргізген сүңгуірлер қыздың денесін алып шықты.