Алматыда досының 11 жасар қызын зорламақ болған ер кісіге сот үкімі шықты

Теги: ,
379

Алматыда досының үйіне қонаққа барып, кәмелет жасына толмаған қызын зорламақ болған ер адамға сот үкімі оқылды.

Қалалық Полиция департаментіндегілер оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Тергеу барысында анықталғандай, ер кісі отбасымен жанжалдасып, түнеу үшін досының үйіне келген. Үйдегілер шырт ұйқыда жатқан кезде қонақ бөлмеде жатқан досының қызына көзі тұсып, оны зорламақ болған. 11 жасар қыз бар дауысымен шыңғырып, үйіндегілерін көмекке шақырған. Оның дауысын естіген әкесі мен ағасы дереу қонақ бөлмеге барып, зорлау фактісінің алдын алыпты. Оқиға орнына полиция шақырылып, тәртіп сақшылары күдіктіні сол жерде ұстап әкеткен.

Сот-медициналық сараптама нәтижесімен ер кісі ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігімен (Зорлауға оқталу) кінәлі деп танылды. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындаған.

«Алатау аудандық сотының үкімімен айыпталушыға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады», — деп атап өтті Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
Қазақстан халқының саны 2050 жылға қарай 27 млн-нан асуы мүмкін
Следующая запись
Статистика ошибается или депутаты и судьи в Казахстане очень законопослушны?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню