Алматыдағы барахолкадан 100 млн теңгенің алтын бұйымдары ұрланды

Теги: ,
478

Алматыда жұртшылық арасында «барахолка» деп аталып кеткен базарда алтын және күміс әшекей бұйымдары ұрланған. Оқиға 12 тамызға қараған түні болған. Жалпы келтірілген шығын – 100 млн теңге.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл қылмыстық іске күдікті ретінде 1987 жылы дүниеге келген азамат ұсталды. Базарға ұрлыққа түскен ер кісінің қылмысы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

«ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қаскөй «алтын қатар» деп аталатын жерге түнде кіріп кеткен. Ол сегіз сауда орнының сөрелерін сындырып, өзімен бірге 100 миллион теңгенің әшекей бұйымдарын алып кеткен. Бұл қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Базардағы бейнебақылау жүйелеріне талдау жасалды. Күдіктінің жеке басы бірден анықталды. Ол Қонаев қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Күдікті сол жерде уақытты өткізуді жоспарлаған көрінеді», — деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дархан Мұсанов.

Күдікті алтын бұйымдарды қала шетіндегі шөл далаға жасырып қойған екен. Заттай айғақтар тәркіленіп алынған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Предыдущая запись
Шымкентские школьники из малообеспеченных семей получат помощь из Фонда Всеобуча
Следующая запись
Почти в 37 000 тенге уложился Аймагамбетов, одевая сына в школу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню