Алматыда әкімшілік полиция басқармасының қызметкері көшенің қақ ортасында ұсталды. Оны ұстау операциясын тұрғындарыдң бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.
Бұл видеоға қатысты ІІМ-нің баспасөз қызметі түсінік берді.
«Әлеуметтік желіде Алматыда полиция қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды. Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ішкі істер органдары қатарындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен жазаның бұлтартпастығы қағидаттарын іске асыра отырып, бүгін жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша кінәліні әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін Алмалы ауданы ПБ ӘПБ қызметкерін, 1986 жылы туған Б. есімді азаматты ұстады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген ведомствоның Telegram-каналындағы ақпаратта.