​Министр нан бағасы не үшін қымбаттағанын түсіндіріп берді

Теги: ,
313

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде нан бағасының қымбаттау себебін түсіндірді. Бұл туралы ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты.

«4 қазанда нан 11,9 пайызға қымдаттады. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қаңтардан қыркүйекке дейн арзандатылған астық тоннасын 90 мың теңгеден жеткізді. Қазаннан бастап жылдың соңына дейін өңірлер жаңа астықты өздері сатып алып жатыр. Биыл астық бағасы жылдың ортасындағы бағамен салыстырғанда біршама төмендеді», — деді министр.

Ербол Қарашөкеев тек нан емес, елімізде коммуналдық қызметтердің де құны күрт өскенін алға тартқан. Дегенмен оның пікірінше, нан бағасының күрт өсуіне негіз жоқ.

«Электр энергиясы, коммуналдық қызметтер қымбаттап жатыр. Сондықтан да жалпы бағасы өсімі бар. Оны байқап отырмыз. Қаңтардан бастап бағаны тұрақтандыру үшін тиісті іс-шараны қабылдаймыз. Негізі бағаның күрт көтерілуіне негіз жоқ. Себебі ұн өткен жылмен салыстырғанда молынан өндіріліп жатыр. Тұрақтандыру қорына биыл миллион тонна астық жинауды жоспарлап отырмыз. Оның 900 мың тоннасы бидай болады», — деді ведомство басшысы.

Предыдущая запись
​Алматылық полицей көшенің қақ ортасында ұсталды
Следующая запись
​В Казахстане цена на хлеб выросла на 12%

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню