Алматылық жігіт қыздармен сайт арқылы танысып, оларды сазға отырғызып кеткен

Теги: ,
361

Алматыда 22 жастағы жігіт оңай олжа табудың тың әдісін үйреніп алған. Ол сайт арқылы жас қыздармен танысып, оларды кездесу шақырып жүрген. Кездесу соңында алаяқтық әрекетін іске асырып, алдап кетіп отырған.

Жас жігіт кездесу кезінде жан сырын ақтарып, әңгіме айтады екен. Кейін түрлі сылтаумен қыздардан әлдекімге қоңырау шалу үшін ұялы телефонын сұрап, соңында қашып кетіп жүрген. Ал оңай олжасын ломбардқа өткізіп келген.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталды. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің қазіргі кезеңінде осыған ұқсас 2 эпизод анықталды», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Полицейлердің мәліметінше, алаяқтың құрбаны болғандар көп болуы мүмкін. Осыған байланысты полиция қызметкерлері күдіктінің суретін мұқият қарап шығуды және оны таныған жағдайда мына телефондарға хабарласуды сұрайды: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02.

Предыдущая запись
Пятилетняя девочка из Щучинска, подтягиваясь, обошла бывалых спортсменов
Следующая запись
Гигантскую свеклу вырастил осужденный в ВКО

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню