Қалтасына есірткі салып алған өзбекстандық шекарадан өтпек болды

Теги: ,
443

Сарыағаштағы «Жібек жолы» шекарасының бақылап-өткізу бекетінен есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, өзбекстандық тұрғын Қазақстан аумағына өтерде полицейлерге «Клементина» атты ит белгі берген. Тәртіп сақшылары бірден тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның шалбарының оң жақ қалтасынан полиэтилен пакетке салынған есірткі затына ұқсас затты табады.

«Табылған айғақты зат тәркіленіп алынды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алынды. Сараптама тағайындалды.

Зерттеу қорытындысы шетелдіктен алынған заттың «гашиш» есірткісі екенін анықтады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
7,5 лет за закладку получил подросток в Караганде
Следующая запись
​Режим обезвоживания: на окраине Кокшетау демонтируют колонки с питьевой водой

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню