Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады.
Іс бойынша күдіктілер саны – бесеу. Олардың біреуі қамауда, екеуі — үй қамақта.
Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер мен айыпталушылардың жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден астам (500 млн АҚШ долларынан астам) ақшалай қаражаты мемлекетке қайтарылды.
«Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергелуде. Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін іздеу жалғасып жатыр. Елде және шетелде қосымша жылжымайтын мүлік, автомобильдер және жалпы сомасы 400 млрд теңгеден астам (900 млн АҚШ долларынан астам) ақшалай қаражат анықталып, жақын арада мемлекетке қайтарылатын болады» делінген агенттік таратқан мәліметте.