62 тонна контрабандалық қауынды Өзбекстаннан елге жеткізбек болған

Теги: ,
597

Түркістан облысындағы «Қапланбек» кеден бекетінде ірі көлемде қауынды елге заңсыз өткізудің жолы кесілді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

23 тамызда «Қапланбек» кеден бекетінде комитеттің Ахуалдық орталығының қызметкерлері инспекциялық тексеріп-қарау кешенінің суреттерін талдау кезінде мәлімделген құжаттарда сәйкессіздікті анықтаған. Құжатта жүк көлігіне артылған тауар қарбыз деп көрсетілген. Алайда суретте сопақша пішіндес тауар көрінген.

Ахуалдық орталығы кеден заңнамасын бұзуға күдік туындаған мәліметтерді кедендік жете тексеруге жіберген.

«Кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде 62 тонна декларацияланбаған қауын тауары анықталды. Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару мақсатында импорттаушылар декларацияларда неғұрлым арзан тауарды көрсетеді. Анықталған факт бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушы қолданыстағы заңнамамен жауапкершілікке тартылатын болады»,- деп атап өтті комитеттегілер.

Предыдущая запись
Антикор Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады
Следующая запись
1971,53 кг пищевой продукции изъяли из продажи в Шымкенте

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню