398
Ақтауда арзан бағада көлік аламын деген тұрғын 1,5 миллион ақшасынан айырылды. Осылай деп полицияға арызданған жәбірленуші алаяқтың құрбаны болған. Айтуынша, танысы төмен бағадағы көлік алуға көмектесемін деп уәде берген көрінеді. Көліктен бөлек алаяқтық іс-әрекетке барған ер адам жүргізуші куәлігін жасап беремін деп те сөз берген. Жәбірленушіге келген жалпы шығынның көлемі 1 миллион 541 мың теңгені құрады.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері көп ұзамай күдіктіні ұстады. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркеуге алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.