​Асар-2 елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды

Теги: ,
275

Халықты таза ауыз сумен қамту-стратегиялық міндет. Сондықтан, Президент тапсырмасына сәйкес, ауылдарды сумен жабдықтау жүйесі қарқынды жүргізілуде. Осыған орай, мемлекет басшысы мөлдір суға қол жеткізу деңгейін барлық өңірде теңестіру керектігін бірнеше рет атап көрсеткен болатын. Тапсырмаға сәйкес,еліміздің барлық өңірлерінде кәріздік тарту және қондырғыларды салу, жаңғырту жобалары іске асырылған. Бұл ретте үшінші мегаполис жүйелі жұмыстардан тыс қалмады. Яғни, Шымкент қаласындада ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Мәселен, Қаратау ауданына қарасты Асар-2 елді мекенінде тұрғындардың көптен күткен арманы былтыр орындалған болатын. Яғни, инфрақұрылыммен қамту жұмыстары аяқталып, 2700-ден астам отбасының мәселесі шешілген. Соған қарамастан, Асарда мыңға жуық үй жобадан тыс қалып, сапалы ауыз су, электр қуаты мен табиғи газға қосылмай қалған. Талай жылдан бері көгілдір газбен ауыз судың азабын тартып келе жатқан асарлықтар бұл мәселеден құтылатын болды. Қазіргі таңда аталмыш проблеманың түйіні тарқатылып, халықтың өтініші билікке жетті. Нәтижесінде, Асар-2 елді мекеніндегі қалған аумақты сапалы ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Биыл жасалған жұмыстар нәтижесінде 53 шақырым су құбыры жүргізіліп, халықтың игілігіне берілді. Нақтырақ айтар болсақ, тұрғындардың тіршілік нәріне деген сұранысы орындалды. Айта кетейік, мердігер мекеме ауыз су құбырын тұрғындардың үйінің есік алдына дейін жеткізіп береді. Ары қарайғы жұмысты әр абонемент өзі жүргізеді. Демек, үй ішіне кіргізіп, оны қосу әр үй иесінің жеке жауапкершілігіне жүктеледі. Абоненттеу жұмыстары үшін қажетті құжаттарды «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ға өткізу керектігін хабарлаймыз!

Предыдущая запись
​Сегодня в Шымкенте состоится премьера исторической драмы
Следующая запись
Из-за роста цен уволен и наказаны несколько высокопоставленных чиновников

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню