Асхат Аймағамбетов оқушылар мен ата-аналарды білім күнімен құттықтады

Теги: ,
393

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

«Сіздерді 1 қыркүйек – жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Бұл — ерекше эмоцияларды тудыратын мереке, өйткені бәріміз де оқушы болдық және осы күні ұмытылмас мектеп жылдарын еске аламыз. Бұл — бүкіл ұрпақты біріктіретін мереке.

Бұл күн, әсіресе бірінші сынып оқушылары, олардың аналары мен әкелері, ата-әжелері үшін көңіл толқытар сәттің бірі болады. Биыл 400 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады. Олар алғашқы әліппелерін қолына алып, білім әлеміне қадам басады.

Бұл — мектеп бітіруші 170 мың түлек үшін де айрықша күн. Өйткені түлектер қорытынды емтихандарға, университеттерге түсуге және өмірдегі жаңа кезеңнің басталуына дайындалады» деп атап өтті министр.

Асхат Аймағамбетов өз жазбасында еліміздегі 7,6 мың мектепте 3,7 млн балаға қажырлы еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі арқасында алғысқа бөленіп келе жатқан ұстаздар қауымы білім беретінін алға тартты.

«Қазақстандық мектептерде, колледждерде, балабақшаларда және басқа да білім беру ұйымдарында үздік мұғалімдер жұмыс істейді. Олар — өз ісіне берілген және шәкірттерінің қабілеттерін аша білетін кәсіби мамандар. Оқушыларымыздың халықаралық олимпиадалардағы жеңістері, колледж студенттерінің Workdskills чемпионаттарындағы жетістіктері және балаларымыздың басқа да жетістіктері соның дәлелі» делінген жазбада.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтер мен оқушыларды қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. 2023 жылғы қаңтардан бастап педагогтердің, балабақша тәрбиешілерінің және басқа да білім саласы қызметкерлерінің жалақысы тағы да 25%-ға өседі.

Халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған дарынды балаларға 4,7 млн теңгеге дейін сыйақы төленеді. Мұндай олимпиадалар тізімі тағы 7 зияткерлік сайыспен толығады. Оларға ЖОО-да оқуға гранттар да беріледі. Ұстаздар да біржолғы төлем алады.

«Үлгерімі төмен балаларға ерекше қолдау, жылы сөздер және олардың жетістікке жететініне сенім қажет екенін түсіну маңызды. Сол себепті биыл Президенттің қолдауымен оқушылардың «БИЛ», «Дарын» сияқты мектептерде білім алуы үшін 15% квота енгіздік. Онымен қоса бірқатар арнайы бағдарламаны қолға алдық. Ерекше қажеттіліктері бар балалар өздерін барынша жайлы сезініп, мектептерде оқи алуы үшін педагог-ассистенттер санын көбейтіп жатырмыз. Бұл осы бағыттағы кешенді жұмыстардың бір бөлігі ғана»,-деді ол.

Предыдущая запись
Президент поручил выплачивать средства каждому казахстанцу до его 18-летия
Следующая запись
Қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жарияланатын болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню