АТЫРАУ: Қатты жел болғанда, үйіміз теңселіп тұрады.

Теги: ,
248

Атырау облысы Индербор кентінің З. Қабдешев көшесі № 5, 7, 9, 11, 12, 13, 15-үй тұрғындары «ескі үй төбемізге құлай ма»,- деген үреймен күн кешіп жүр. Салынғанына 65 жыл болған баспаналардың іргесі сөгіліп, қабырғасы қақырап кеткен. Шатыры да шұрқ-тесік , қабырғалардың сылақтары түсіп, ырсыйып тұр. Сыртынан қарағанда иесіз үй секілді. Жыл сайын жамап-жасқағанымызбен, жөнделгені білінбейді,- деп күйзеледі мұндағылар. « Менің кішкентай балаларым бар, жолдасым Теңіз қалашығына жұмысқа кеткенде, әр күнімді қорқынышпен өткіземін. Қатты жел болғанда, болмаса ауыр жүк көлігі өтсе, үйлеріміз теңселіп тұрады. Үстімізге құлап қала ма деп зәре жоқ. Кез-келген уақытта құлап, үйінді астында қаламыз ба деп уайымдаймын. Түнде балаларымды киіндіріп жатамын, құжаттарымды қасыма алып. Алда-жалда үй құлай бастаса қашып шығайын деп. Жалғыз мен емес, барлығы осы күйді бастарынан кешіріп жатыр,-дейді Жадыра Сабырова.

2019 жылы жеті үйдің тұрғындары баспаналарын апатты деп танытып, құжаттарын рәсімдетіп алыпты. Бірақ одан соң да үш жыл өтсе де, ешбір өзгеріс жоқ. Аудан әкімдігіндегілер де ешбір уәде бермей отыр.

— Апатты үй тұрғындары үшін үй салу тек облыстық бюджеттен қаржы бөлінгенде ғана, болмаса демеушілікпен салынуы тиіс. Екінші нарық бойынша бұрынғы үйлерді сатып алу арқылы бұл жайды шешуге болар ма еді, бәрі қаржыға тіреліп тұр. Біз облыстың бюджеттен қайта-қайта қаржы сұратудамыз, бірақ әзір белгісіз. Сол себептен Қабдешев көшесінің тұрғындары баспанамен қашан қамтылатынын дәл айта алмаймын,-деді аудан әкімінің орынбасары Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВ.

Предыдущая запись
Без малого 1 млн долларов США пытались вывезти из Казахстана в феврале
Следующая запись
БҚО: апатқа түскен екі жүк көлігіне жеңіл машина соғылып, тағы үш адам зардап шекті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню