472
Оқыс оқиға 27 — маусым күні сағат 22:10-да Нұрсая ықшам ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінде болған. 3-ші қабатта орналасқан пәтерден 2017 жылы туған егіз қыздар құлап кеткен. Бүлдіршіндер ауыр халде Атырау облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биыл балалардың терезеден құлауының 2 жағдайы орын алды, оның ішінде 3 бала түрлі жарақат алған. 2021 жылы – 4 жағдай, оның ішінде 3 бала жарақат алып, 2 адам қайтыс болды.