Мереке тойлау ертемен басталды. Жұмысқа асыққан жолаушыларға ұлттық киімді өнерпаздар ән шырқап қоғамдық көлікті думанға бөлеп жіберді. Мұнан соң Хиуаз Доспанова халықаралық әуежайында ұшақтан түскен жолаушылармен төс қағыстырып көрісті. Мерекелік салтанат қала көшесінде де жалғасты. «Амал келді – жыл келді» атты жылжымалы сахнамен концерт қойды. Халықты бір жерге жинамау мақсатында сақтық шараларын сақтай отырып, мереке сыйлауды мақсат еттік,- дейді ұйымдастырушылар. Көрісу күні облыстық музей алдында жалғасты. Мұнда қазақы салт-дәстүрлер насихатталған театралды көрініс қойылды. Атыраулықтар бұл күнді халықтық мейрам ретінде қарсы алуды дәстүрге айналдырған. «Ерекше ілтипатпен, жылылықпен күтеміз. Көрісу айтта адамдар бір-біріне жақсы тілегін арнап, бір-біріне ниетін білдіріп, жыл басталды. Сондықтан ерекше күн деп айтқым келеді. Бүгінгі күннің өзі өте сәнді болып жатыр. Мына тамаша күй, әуен тұрғындарға арналған,- дейді қала тұрғыны
Лаура ҒАЗИЗОВА