361
«Қиғаш» бас су сорғы стансасының қуаттылығы тәулігіне 260 000 текше метр болғанымен, қазір 110 мың текше метрден аспайды.
«1987 жылы салынған ғимаратқа соңғы рет 2010 жылы «Қазтрансойл» АҚ компаниясының қаржыландыруымен күрделі жөндеу жүргізілген. Алайда, бүгінгі күні аталған станса соның ішінде су асты техника, сумен жабдықтайтын сорғыларға жөндеу қажет, — деді «Қиғаш» бас су сорғы стансасының басшысы Хамит Қабылов.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құрманғазы ауданына жұмыс сапарында су құбырының жағдайымен танысып, мамандардың пікірін тыңдады.