БҚО: полиция подполковнигі малшыны өлімші қып сабап, төрт қабырғасын сындырған

Теги: ,
383

Қазір ауыр жараланған жігіт ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның басынан ауыр жарақат алып, миы шайқалғанын айтады. Бұл аздай, бірнеше қабырғасы сыныпты. Бақташының айтуынша, 19-мамыр күні оның үйіне белгісіз біреулер басып кірген:

— Ауылымыз шағын, бәріміз бір-бірімізді танимыз. Есікті іштен кілттеп көрген емеспіз. Қатты ұйықтап кеткен екем. Анамның айқайынан шошып ояндым. Ауыр соққы бетіме тигенде есімнен танып қалдым. Анам шыңғырып жалынып жатқанын естіп есімді жиғанымда, тағы талықсып кеттім. Қорғанатын мүмкіндік болмады. Тіпті неше адам болғанын да білмеймін, әйтеуір бәрі жабыла тепкілеп тастады, — дейді ауыл тұрғыны.

Ол жұмыс істейтін шаруа қожалығының басшысы да ауыл бұзықтарының шектен шыққанын айтады:

— Анасының көзінше баласын бұлай қорлау адамшылыққа жатпайды. Ақыры жалғыз жігітке жабылып, өлімші қып сабаймыз деп келген екен, сыртқа шығарып алып сөйлессе де болар еді әрі бәрі бір ауылдың адамдары, бірін-бірі таниды. Тепкілегендердің бірі — отставкадағы полиция подполковнигі. Ол осы әрекетімен мундирге күйе жақты, — дейді кәсіпкер.

Әзірге бұл дауға не себеп болғаны белгісіз. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мұндай оқыс оқиғаның болғанын растады. Жәбірленушіден түскен арыз тіркелген. Енді бұл оқиғаға заңдық тұрғыдан баға берілуі керек. Осыдан кейін кінәлілерге қандай айып тағылары анықталады. Ал күдікті подполковник 2015 жылы зейнетке шыққан екен.

Предыдущая запись
Атырау облысы: «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры күрделі жөндеуді қажет етеді
Следующая запись
Түркістан облысы: 3 миллион теңгенің жылқыларын ұрлаған екеу сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню