Атырау облысы әкімдігі бірден 1244 компьютер алуды жоспарлаған

Теги: ,
203

Мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасына сәйкес, оның әрқайсысына 651 мың теңге белгіленген.

Екінші лот бойынша әрқайсысы 600 мыңнан асатын тағы тоғыз компьютер сатып алуды қарастырады. Осылайша, жалпы алғанда компьютерлерді сатып алуға 816 млн теңге дейін жұмсау жоспарлануда.

Әкімдіктің талабы жоғары: компьютерлер экранының диагоналі кемінде 21 және 27 дюйм болуы керек, сәйкесінше процессор мен жиілік – кіріктірілген графикалық адаптері бар кемінде 11 буын процессоры, пернетақта мен тінтуір сымсыз болуы керек.

Әкімдіктегілердің айтуынша, компьютерлік техниканы сатып алу ауылдық округтер әкімдеріне, аймақтағы барлық жергілікті атқарушы органдарының техникасын жаңарту қажеттілігінен туындаған. Компьютерлік техника 2011-2012 жылдары сатып алыныпты. 10 жыл бойы қолданыста болған техникалардың бір бөлігі жұмыс істемейді,- деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Әсел Ауданбаева.

Предыдущая запись
​Старые двигатели вместо новых устанавливали в казахстанские танки
Следующая запись
Жайылымды жайлаған зиянкес құрт Атырау облысы тұрғындарын да шошытты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню