313
Бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Нұржан Жангереев бұрынғы шенеунікті осынша жыл абықтыға қамауды сұрады. Ал құрылыс басқармасы басшысы Тимур Басаровты 8,5 жыл темір торға тоғытуды ұсынды.
Аймақтағы қос шенді 2020 жылдың қыркүйегінде аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Оларға Қылмыстық Кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігі(Аса ірі мөлшерде пара алу әрекеті) бойынша іс қозғалды.
Айта кетейік, 44 жастағы Нұрлан Таубаев Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін 5 ай, ал 41 жастағы Тимур Басаров басқарма басшысы қызметін бар-жоғы 2,5 ай атқарды.