Әлеуметтік желіде 41 жастағы экс-әкім Қаржау Шарғабаевтың видеосы тарап кетті.
Онда бұрынғы әкім «Атырау қаласында інішектерім зат алып кет деген соң келіп тұрмын. Мына затты алып кету үшін «,- деп ақ түсті затты көрсетеді. «Бұл сифадрон ба, миф пе? Мұның есірткі екенін білесің бе? — деп сұрайды түсіріп тұрған азамат. «Оны білмеймін. Дәрі деп айтты»,- деп ақталды экс шенді. Және осымен үшінші рет ал алып кетуге кеп тұрғанын мойындайды.
Кейін әлеуметтік желідегі өзінің парақшасына Шарғабаев қайтадан бейнежазба жариялап, онда өзін әлдекімдердің ұрып-соғып, таспаға түсіріп алғанын айтады.
Видеодағы ақ түсті зат синтетикалық есірткі болуы мүмкін,- дейді полицейлер.
«Әлеуметтік желіде «Құлсары қаласының бұрынғы әкімі есірткі заттарын алу барысында ұсталды»,- деген ақпарат таратылуда. Ол жерде ұстаған полицей емес. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде»,- деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Айта кетейік, Қаржау Шарғабаев 2019 жылы қаңтар-маусым аралығында Құлсары қаласын басқарған, оған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарыпты. Қазір мемлекеттік қызметте істемейді.