Атырау облысында науқасқа салғырт қараған қос дәрігерге қатысты үкім шықты

Теги: ,
324

Құрманғазы аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері мен анестезиолог-реаниматологына кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер жасады деп айып тағылды. Салдарынан 44 жастағы Бекдидар Көргенәлиев былтыр 1 қаңтар күні қайтыс болған еді. Марқұмның соңында кәмелетке толмаған 3 баласы қалды.

Судья сотталушылардың кінәсі жәбірленушілер мен куәлардың, сондай-ақ, сарапшылар айғағы мен сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен дәлелденгенін айтты. Дәрігерлерге 2 жыл және 2,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бірақ ақ халаттылар рақымшылыққа ілігіп, бас бостандығынан айыру жазасынан босатылды.

«Сотталушыларға дәрігерлік қызметпен айналысу құқынан айыру жазасын тағайындай отырып, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда ҚР 30 жылдығына байланысты «Рақымшылық жасау жөніндегі» заңы негізінде бас бостандығынан айыру жазасынан босатылды. Дәрігерлік қызметпен айналысу құқынан айыру түріндегі жаза заңда көзделмеген,»- деді Құрманғазы аудандық сотының судьясы Бейбітгүл Меңсейітова.

Инфекционист 3 жыл, ал реанимотолог-дәрігер 2 жыл алты ай кәсіби міндетін атқара алмайды. Сондай-ақ жәбірленушілердің пайдасына 8 млн. теңге моральдық өтемақы төлеу міндеттелді.

Предыдущая запись
В реке Есиль утонул подросток
Следующая запись
Түркістан облысының полицейлерімен жыл басынан бері заңсыз айналымнан 130 келіге жуық есірткі заты тәркіленді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню