Атырау облысында шалғын көбелегі құрты тұрғындардың зәресін алды

Теги: ,
665

Зиянкес жайылым түгілі, ауыл ішіне кіріп, үй қабырғалары мен терезесіне үймелеп жатыр. Құжынаған құрттан құтыла алмаған халық қолдан келгенінше қам қылуда. Біреуі су шашып, біреуі сыпыртқымен қуалап, енді бірі жаппай улап жатыр. Бірақ нәтиже жоқ. Ал ерте көктемнен бел жазбай еңбек еткен егіншілер егістікке зиянын келтіре ме деп алаң.

Шалғын көбелек құрты, әсіресе, Индер, Махамбет ауданы мен қала маңындағы шаруашылық аумақтарында көбейіп барады. Мысалы, «Дастан» шаруа қожалығы аумағы барлық жұмыстарын ысырып қойып, тек құрт улауға көшкен. Бірақ өте көп зиянкесті игере алмай жатқанын айтады.

«Осы маңнан өте көп көбелек байқадым. Бір ұшқанда мыңы ұшады. 20 шақты күннен соң қарасоралардың сарғая бастағанын көрдім. Анықтап қарасам, шөпті түк қалдырмай жеп жатыр екен. Бір түпте мыңның үстінде құрт жүр. Қазір егінге тиіп кетпесін деп зорға ұстап отырмыз. 3-4 күннің ішінде 75 литр уымыз кетті. Айналасындағы көп шөптерді жұлып тастадық. Әзірге мемлекеттен еш көмек жоқ. Өзіміз амалдап жатырмыз,- дейді «Дастан» шаруа қожалығының агрономы Айдос Байниязов.

Шаруагерлердің жан айқайынан соң тиісті мамандар алқаптарды түгел шолған. Алғашында 3 400га аумақты зерттеп, оның 1 250 гектарына залал келгенін анықтапты. Бірақ бұл да нақты цифр емес. Шалғын көбелек құрты Мақат, Қызылқоға ауданы аумақтарынан да көрініп жатыр. Облыс басшылығы шаруаларды дәрі-дәрмек сататын мекмелермен байланыстырудан басқа амалымыз жоқ,- дейді. Өйткені зиянкестерді өңдеуге бюджеттен 1 тиын да бөлінбейді екен. Және көрші облыстан арнайы техника алдырыпты. Қазір олар зиянкестің ошағы кең таралған Индер, Махамбет аудандарына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Шалғын көбелек құрты жергілікті бюджеттен қаржы шығарып, өңделетін зиянкестерінің қатарында жоқ. Тізімде бұрын болды, кейін алынып қалды. Сол себепті жағдайды министрлікке баяндап, осы шалғын көбелекті тізбеге қосу туралы ұсыныс бердік. Бірақ жалпы егін шаруашалығына жұмсалған пестицидтардың 50 пайызы субсидиаланады. Сондықтан бұл зиянкесті жоюға кеткен шығынның 50 пайызы қайтарылады. Шалғын көбелек құрты бұған бой бермесе, екі ауданда төтенше жағдай жариялануы мүмкін,- деді облыс әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Предыдущая запись
Два пистолета Макарова с полным боекомплектом принесла в полицию Талдыкоргана пенсионерка
Следующая запись
Атырауда Қызылорда облысы полиция бастығының бұрынғы орынбасарының ұлы 7 жылға сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню