Атырау облысында шалғын көбелегі құртының қаупі сейілді

Теги: ,
282

Зиянкес жәндік кең тараған аудандарды аралаған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев осылай деп мәлімдеді.

«Шұғыл штаб құрылып, зардаптарды жою жұмыстарына жедел кірісу нәтиже берді. Дегенмен құрт қайтадан дернәсіл салып, бір жарым айдан кейін бой көрсетуі мүмкін. Оған дайын болуымыз керек», — дейді шенеунік.

Ауыл шаруашылығы мамандары 20 мың гектар жерге мониторинг жүргізген. Нәтижесінде 7500 гектар жерге өңдеу керектігін анықтаған. Қазірдің өзінде 4 500 гектар егін алқабына улау жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 800 гектар жерді шаруашылықтар өз күшімен уласа, қалғаны жергілікті бюджеттен және демеушіліктің қолдауымен жүзеге асырылыпты.

Дегенмен шаруалардың қорқынышы әлі де басым. Жанболат Бисекенов басқаратын «Абай» шаруа қожалығы 28 гектар жерге егін егеді. Шалғын көбелек құрты қарбыздың 50, қауынның 20 пайызын жеп кеткен. Картопты да отап тастаған. Бағбан бақша дақылдарын кері отырғызып жатыр. Ал картоптың орнына қайтадан егуге тым кеш екенін айтты.

Егінді атызбен қоршап, ішіне су құйып ұстап отырмыз. У шашып, дизенфекция жасап жатырмыз. Бірақ артында миллиондап келгесін ол уға көнбей жатыр. Картопты кері еге алмаймыз, уақыт өтіп кетті. Өте қиын боп кетті. Шығын өте көп. Есептеп, уайымдап отырмыз. Бірақ еңбек ету керек. Үкіметтен көмек келгенше, өзім улап жатырмын,- деді шаруагер.

Предыдущая запись
Атырау облысында жоғалған азаматша13 жылдан соң туыстарымен табысты
Следующая запись
Тело 15-летнего подростка ищут в Семее

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню