407
Таңғы сағат 06:20да Авангард ықшам ауданындағы көп қабатты үйдің төртінші қабатының өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Төтеншеліктер жеткен кезде жатын бөлменің қызыл жалынға оранғанын көреді. Олар дереу дәліз баспалдағы арқылы 4 баланы құткарды. Түтінге уланған 19 жасар балаға жедел жәрдем алғашқы қызмет көрсетті. Өрт 30 минутта ауыздықталды.