395
Атырауда белгісіз адам тапаншамен көлік ішіндегі 3 адамды атып тастады. Түнгі сағат 22:10 шамасында болған оқиғадан екі адам қаза тауып, бір адам басына тиген оқтан жан сақтау бөліміне түсті. Күдікті оқиға орнынан бой тасалап қашып кеткен.
Жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс жасау барысында сол маңнан тағы да 1999 жылы тылған ер адамның мүрдесін анықтады.
Күдікті Маңғыстау облысының тумасы екені анықталды. 29 жастағы жігіт ұсталды. Қазір полиция «Адам өлтіру» бабымен тергеу амалдарын жүргізуде.