Ұлытау облысын дамытуға Қазақмыс 35 млрд теңге бөледі

316

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» Тобы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды аймақ басшысының ресми сайты.

Меморандумның негізгі мақсаты – Жезқазған қаласының инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру бойынша тараптардың өзара қолдауы мен белсенді ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
Қол қойылған меморандумға сәйкес «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС қызметі Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданында жалпы сомасы 35 млрд. теңгеге 22 жобаны іске асыру жолымен әлеуметтік тұрақтылықты күшейтуге бағытталатын болады.
Меморандум аясында 2024 жылға дейін Жезқазған қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, музыкалық драма театры мен балабақша сынды әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар салынады. Сәтбаев қаласы халқының денсаулығын қолдау мақсатында компания мұнда емхана мен жарақат пунктін салады.
Бұдан басқа, «Қазақмыс» мемлекеттік техникалық университеттің ашылуына және Ұлытау ауданында Мемлекеттік рәміздер алаңының құрылысына қатысады. Компания есебінен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған екі ғимарат (күндіз қабылдау орталықтары үшін) сатып алынады.
Сондай-ақ, шаруашылық суының көтергіш сорғы станциясына жөндеу жүргізу жоспарлануда. «Қазақмыстың» қолдауымен Жезқазғандағы Кеңгір су қоймасы жағалауын абаттандыруға арналған эскиздік жоба әзірленеді, Тасбұлақ, Күмісбұлақ және Әулиетау тауларының бұлақтарын абаттандыруға арналған эскиздік жоба дайындалып, абаттандырылады.
Сонымен қатар, меморандумда Қазақмыс қатысатын басқа да жобалар көрсетілген. Осылайша, компания Жезқазған қаласында 320 орындық жаңа балабақшаның құрылысын аяқтайды, Сәтбаев қаласында бірқатар нысанды қайта құру және абаттандыру бойынша эскиздік жобалар дайындайды.
Тұрғын үй саласындағы мәселелердің әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, компания Жезқазған қаласындағы ұзаққа созылған құрылыс нысандарын аяқтайды.
Осы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою тараптарға өзара іс-қимылды жаңа сапалық кезеңге шығаруға мүмкіндік береді және өңір халқының әл-ауқатының деңгейін негізгі басымдық арттыру болады.

Предыдущая запись
​Бір тоннадан астам заңсыз ауланған балықты тасымалдаған жүргізуші ұсталды
Следующая запись
Казахмыс выделит 35 млрд тенге на развитие Улытауской области

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню