Пара алған облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерінің қылмыстық ісі Атырау қалалық №2 қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша айып тағылды.
Сот отырысында белгілі болғаны, өткен жылдың қараша айында жекеменшік серіктестік қызметкерлерімен болған жазатайым оқиға бойынша арнайы тексеру жүргізілген. Еңбек инспекторы комиссия төрағасы болған. 24 қарашада инспектор аталған ЖШС директорының орынбасарын өзіне шақырып, тексеру нәтижелері бойынша серіктестік кінәлі екенін көрсететінін, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін құжаттарды полицияға жіберетінін айтқан. Жауаптылықтан босату үшін пара ретінде 1 500 000 теңге сұраған. Арада бір күн өткен соң еңбек инспекторы жұмыс орнында пара алу кезінде ұсталған.
Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылды. Сот оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.