Атырауда ит қауып алған 5 жасар қыздың беті мен ернінің үш жері тігілді

Теги: ,
478

Дәрігерлер бұралқы ит бүлдіршін ернінің бір бөлігін жұлып алғанын айтты.

«Сол жақ беті мен жоғары және төменгі ернінің көптеген жарақаты» диагнозы қойылды. Протокол бойынша, балаға бүкіл екпелер мен вакциналар салынды. Жаралары тігілді. Бәрін анасына түсіндіріп, үйіне жібердік. Шамамен 0,5-0,5 мм ерні болған жоқ. Соны тігіп бердік» — дейді дәрігер-нейрохирург Шодиер АРИПОВ.

Дәрігердің айтуынша, тәулігіне итке қабылған 6-8 бала келеді.

Оқиға қаладағы Азаттық көшесінде болған. Бүлдіршін нағашы апасының үйіне қонаққа келген. Қала тұрғыны Әсем Байжанова жиені мен қызы аулада ойнап жүргенін айтады. Итті құшақтамақ болған кезде тістеп алған. Келіншек бұған дейін де бұл иттің өзін де, ұлын да қуып, қауып ала жаздағанын айтты. Сондықтан тиісті мамандарды шақырған. Бірақ та айбат шеккен итке жақындауға полицейлер де бата алмапты.

«Қандай жұмсақ,- деп құшақтаған кезде ит бұрылып, бетінен тістеп алады. Жедел жәрдемге, полицияға, 109 бірыңғай орталығы мен бен ветеринарға қоңырау шалдым. Олар итке ешқандай шара қолдана алмаймыз, қазіргі заң бойынша ұстауға да, атуға да болмайды,- деді. Бала шошынып қалды. Үндемей отырады да жылап жібереді. Ешкімнен сөйлеспейді. Тек бір нүктеге телміріп қарап отырады. Біз қазір психолог іздеп жүрміз. Тамақ ішпейді. Тек су ішеді. Бізге «Мейірімді жүрек» қорының еріктілері келіп: «сенің балаңның өзі кінәлі, баланы өзі итке жоламау керек еді»,- дейді. Бірақ бала оған тиіспеді, жәй сыйпады, жақсы көрді. Олар «егер сол итке бір нәрсе істейтін болсаңыз, заңды түрде шара қолданамын»,- деді. Сонда мен итке бірдеңе істесем, маған заң бар. Ал ит менің баламды тістесе, итке шара болмағаны ма? Қазіргі таңда баланың өмірі иттің қасында ойыншық болғаны ма? Құзырлы органдардан сұрайтыным, шара қолдансаңыздар екен», — дейді Әсем Байжан.

Оқиғадан соң итті еріктілер өздерімен бірге алып кетіпті. Олар екі жыл бұрын кастрация жасап, құлағына белгі тақтық,- дейді. Бақылауға ұстап, кейін мейірімді адамдар табылса, бағуға береміз. Ит ешқандай ашушаң емес. Бұл жерде баланы қараусыз қалдырға ата-ана кінәлі. Ит оған жүгірген жоқ. Қыз бала итке өзі барды. Қазір бізде 130-дай ит бар. Оларды стирильдеп, кастрация жасап, адамдарға қауіпсіздігіне көз жеткізген соң далаға босатып жібереміз. Өйткені бәрін бірдей ұстап , асырап отыруға мүмкіндік жоқ, — дейді «Мейірімді жүрек» қорының жетекшісі Венера МАНАСОВА.

Айта кетейік, биыл 2-наурызда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңы күшіне енген. Содан бері бұралқы иттер мүлдем атылмайды. Ал оларды ұстап, бағу туралы нормативтік-құқықтық акт қабылданбаған. Сондықтан аймақта қаңғыбас иттермен күрес жұмысы тоқтап тұр.

«Қазір қала әкімдігімен ауылдық округтер бойынша панажайлар салынып жатыр. Және мамыр айының соңына дейін жүзеге асады.- деді Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нұркен БОЯРОВ.

Предыдущая запись
Осужденные двух колоний максимальной безопасности в Казахстане совершили побег
Следующая запись
Атырау облысында АИТВ инфекциясын жұқтырушылар жыл өткен сайын көбейіп барады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню