379
Полицейлерге Әуезов көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінде жасөспірім балалардың үлкендердің қарауынсыз қалғаны жөнінде көршілерінен шағым түскен. Тексеру кезінде 5, 8 және 16 жастағы үш баланы 41 жастағы анасы жиі қалдыратыны анықталды. Полиция келген кезде де үйде балалардың өздері болған. Балалар облыстық ауруханасынан тексерістен өткізіліп, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Отбасы жайсыз отбасы есебіне алынды. Жауапсыз ата-анаға қатысты ҚР ӘКБтК-нің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бабымен іс-құжаттар жинақталуда. Және жинақталған іс-құжаттар кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолданады.