«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы 2022 жылдың ІІ жарты жылдығында 130 денсаулық сақтау субъектісімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарт жасасқан. Оның ішінде 98 (75,4%) жекеменшік денсаулық сақтау субъектісі бар.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде орналастыру рәсімін филиалдың қызметкерлерінен басқа, қалалық денсаулық сақтау басқармасының, кәсіпкерлер палатасының, медициналық қызметкерлер кәсіподағының және де басқа мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған аймақтық комиссия жүргізді. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтердің көлемі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің енгізілген денсаулық сақтау субъектілеріне орналастырылды.
Филиал медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын үнемі өзектендіріп тұрады. Бүгінгі таңда 2022 жылдың ІІ жарты жылдығына көрсетілген қызметтер бойынша ақы төлеу жұмыстары аяқталды.
Филиал тұрақты негізде көрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне, сапасына мониторинг жүргізеді, көлемдерді болжамдайды, егер де медициналық көмектің кейбір түрлеріне тұтыну жоғарыласа өзге қаражат көздерінен алынып, қайта бөліске салынады, сонымен қатар мүмкіндігінше қосымша қаражат бөлінуді қарастырады, бірақ, бұл жерде Қордың мүмкіндігі шектеулі.
Қаржыны қайта бөліске салу үшін денсаулық сақтау субъектілері Қорға өтінімдерді заңда белгіленген тәртіппен жолдайды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарында енгізілген.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар табысына қарамастан кепілді медициналық көмек алуға құқылы. Биыл МӘМС шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсетуге үміткер медициналық мекемелердің саны артты.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы өз қаласында ғана емес, республикадағы барлық медициналық мекемелерде де медициналық көмек, тар мамандардың кеңесін алуға құқылы. Себебі емхана Қазақстанның кез келген медициналық мекемесімен медициналық көмек көрсетуге шарт жасай алады.
Егер сіз жүйеде сізге тиісті медициналық көмек көрсетілмеген деп ойласаңыз, сіз 1406 нөміріне қоңырау шала аласыз немесе «Qoldau 24/7″мобильді қосымшасында шағым мен ұсыныстар қалдыра аласыз.