Атырауда мемлекеттік ішкі аудит қорытындысымен келіспеген мектеп директорлары бас көтерді

Теги: ,
445

Аудан, ауылдағы мектеп басшылары облыс орталығындағы кәсіподақ ұйымына келіп, көмек сұрады.

Шағым — ортақ. Бәріне «мемлекеттік сатып алу бойынша заңсыздыққа жол бердіңіздер,-деп, 200-ге тарта мектеп директорына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған. Олар айыппұл төлеуден бас тартып отыр.

«Мектептің интернет сайтына қызмет көрсетуге 18-ақпанда келісім шартқа отырдық. 2 ай қызмет көрсетті, содан кейін келісім шартты тоқтаттық. Ішкі аудит бізге прокуратурның ұсынымымен 100 АЕК көлемінде айыппұл салғалы тұр. Енді ол айыппұлды мектеп басшысына салады. Айыппұл деген өте үлкен сумма. Ал енді оны қалай төлейтінімізді білмейміз. Болашақта жұмыс жасауға мүмкіндік болмайтын сияқты,- деді Индер ауданынан келген мектеп директоры Сәбит Ешмұхамбетов.

Тағы бір мектептің басшысы Роза Дәулетова да осындай пікірде.

«Мемлекеттік сатып алу деген үлкен мемлекеттік мекеменің атқаратын жұмысы ғой. Соның өзін 60 мың жалақы алатын есепшісімен бірге атқару деген үлкен жауапкершілік. Бұл жерде қалай еткенде де қате кетеді бізден. Мен — мемлекеттік сатып алу маманы емеспін, педагогпын. «Бір көзден сатып алу бойынша, мемлекеттік сатып алудың 41-бабының 1-тармағы бойынша қате жібердіңіз», — деді. Жалғыз мен емес, облыс бойынша 176 білім беру ұйымы. Бұл — бір көзден отыруда кеткен қателік.

Мектептер сайт жұмысын жүргізу үшін жылына 60 мың теңгеге бір көзден сатып алу бойынша келісім-шарт жасасқан. Егер бұл жерде мәселеміз шешілмесе, сотқа жүгінеміз,- деді дүрліккен директорлар.

Кәсіподақ ұйымы өкілдерінің айтуынша, өзге облыстарда мемлекеттік сатып алумен мектеп емес, білім басқармалары мен бөлімдерінде отырған арнайы мамандар айналысады екен.

«Педагог мәртебесі» туралы заңда айтылған мектептің директоры тәрбиемен және біліммен шұғылдану тиіс. Басқа шаруашылық мәселелері мойынында болмау керек. Өкінішке орай, бізде осы мәселе шешілмей келе жатыр. Соңғы 2-3 жылдан бері айтып келе жатырмын мұны әкімшілік те, облыстық білім беру басқармасы да біледі, бірақ шешілмейді,- Атырау облысы Білім мен ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы.

Предыдущая запись
Школьница в Кокшетау хотела взорвать школу?
Следующая запись
Атырауда күндіз жасыл-желегін суарған тұрғындарға айыппұл салынады. Аймақты ауыз сумен қамтамасыз ететін «Атырау су арнасы» кәсіпорыны осындай хабарлама таратты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню