Атырауда тепловоздардан жанармай ұрлаған қылмыстық топқа үкім шықты

Теги: ,
397

Оның ішінде облыстық мәслихаттың экс-депутаты, «Nur Otan» партиясының (қазіргі AMANAT) экс-мүшесі Абзал-Сенбі Самаликов та бар.

Істі қалалық № 2 соты қарады. Қылмыстық топ мүшелері мен олардың сыбайластары, барлығы 19 адам 2020 жылдың 1 — қаңтары мен 1-желтоқсаны аралығында «K-Л» ЖШС-не жөндеуге келген Мақат пайдалану локомотив депосына тиесілі тепловоздардан 397 тонна дизель отынын жасырын жымқырды деп айыпталды. Мекемеге 84 млн 61 мың 528 теңге материалдық шығын келген.

«Қылмыстық іс ұйымдасқан топ құру, сондай-ақ оған басшылық ету (ҚК-нің 262-бабының 1,2-бөлігі), қылмыстық топтың аса ірі мөлшердегі ұрлық жасауы (188-баптың 4-бөлігінің 1, 3-тармақтары) бойынша қаралды.

Сот үкімімен ұйымдасқан топ мүшелері кінәлі деп танылып, олар 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Предыдущая запись
Атырауда кәмелетке толмаған үш бала қараусыз қалған
Следующая запись
Түркістан облысы: Шардара жол апатынан қайтыс болғандарға қатысты полиция жауап берді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню