Атырауда Қызылорда облысы полиция бастығының бұрынғы орынбасарының ұлы 7 жылға сотталды

Теги: ,
624

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел уәкілі боп еңбек еткен. 31 жастағы офицер өзі жұмыс істейтін сыбайлас жемқорлыққа қатысты департамент қызметкерлерінің «Полимер Продакшн» компаниясы басқарма төрағасын тексеріп жатқанын білген. Оған істі тоқтатуға көмектесетінін айтып, алдымен 50, кейін 30 млн теңге талап етіпті

Оқиға былтыр маусым айында болған. 31 жастағы жедел уәкіл компания өкілімен жұмыстан тыс уақытта, түнгі мезгілде көшеде, тіпті моншада кездескен. Осылайша тараптар 21 млн теңгеге келісіпті. Қомақты қаржыны алуға өзі бармай, танысын жіберген. Сол кезде қолға түсті. Сотта «антикор» қызметкерінің әрекеттері телефондағы қоңыраулар мен хабарламалар, бейнебақылау камералары, сараптама қорытындысымен дәлелденді,- деді Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Зарема Хамидуллина.

Сот қызмет бабын пайдалана отырып аса ірі мөлшерде алаяқтық жасауға оқталған, лауазымды адамға ірі мөлшерде пара беруге айдап салу бабымен кінәлі деп тапты. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметкерінің өзі енді 7 жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Әрі мемлекеттік қызметте қызмет ете алмайды. Сондай-ақ сотталушы 5 санатты біліктілік сыныбынан айырылды.

Бірақ сотталушы да, оның қорғаушысы ретінде сот процесіне басынан аяғына дейін қатысқан әкесі де үкіммен мүлдем келіскен жоқ.

«Арызданушының өзі айтты ғой: «Ол ақша сұраған жоқ, 3 санын көрсеткенін, 30 млн теңге ме деп айттым»,-деп. Осыған бола соттап отыр. Істі басынан бастап, аяғына дейін фальсификация жасаған. Өтірік хаттамалар толтырған. Жауаптарының барлығы өтірік. Аппеляцияға да, жоғары сотқа да, Конституциялық сотқа да, керек болса, дүниежүзілік соттың бәріне беремін»,- деді әкесі әрі қорғаушысы Бағыт Муятов.

Предыдущая запись
Атырау облысында шалғын көбелегі құрты тұрғындардың зәресін алды
Следующая запись
Около 6 тыс. камер видеонаблюдения установят в тюрьмах Карагандинской области

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню