Атырауда жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бойынша Отбасы банк алғашқы өтініштерді мақұлдады

Теги: ,
174

Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Нұрбол Құрман мәлімдеді.

Платформа іске қосылғаннан бері Атырау облысы бойынша келіп түскен 257 өтініштің 49-ы мақұлданған. Өтініштер онлайн режимде оtbasybank.kz порталына жолдануда. Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, жалға алынатын тұрғын үйдің 1 шаршы метр құны айлық есептік көрсеткіштің жылдық деңгейі мен облыс немесе қаланың белгіленген коэффициенті негізінде қалыптасады. Мысалы, Атырау қаласының тұрғындары үшін 1 ш.м. тұрғын үйдің құны 2 172 теңге болып белгіленді. Тиісінше, үш адамнан тұратын отбасы шамамен 86 894 теңге тұратын жалдамалы баспана ала алады, — деді Н.Құрман.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сәуірдің 18-нен бастап жалға берілетін тұрғын үй ақысын субсидиялау бағдарламасына өтініштер қабылдана бастады. Республика бойынша 17 000 қатысушы «Отбасы Банк» АҚ-нан өтініш беруге шақыртуы бар SMS-хабарлама алған. Сәуір айының соңында тағы 23 000 адамға шақырту хабарламасы түскен.

Предыдущая запись
Атырауда тазалықшыларға жәрдемақы заңсыз төленбей келген
Следующая запись
Шымкентте жол-көлік оқиғасынан бір әйел көз жұмды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню