353
Оқиға 25 шілде күні сағат 06.30 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолында орын алған.
Ravon R4 көлігін тізгіндеген жүргізушісі Жантерек ауылының тұсындағы жолда 24 қойды қағып кеткен. Мал иесіне келтірілген шығын 1,2 млн теңгені құрайды.
Облыстық Полиция департаментіндегілер бақташы төрт түлікті өріске айдамақ болып, жол бойын кесіп өткенін айтты. Полицейлер қойшыға қатысты хаттама толтырды.
«Қойды белгіленген жерден өткізбей тас жолдың үстінен өткізіп, жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіргені үшін бақташыға ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды» деп мәлімдеді Полиция департаментіндегілер.