Атыраулық тұрғын брондалған әскери машина сатпақ болған

Теги: ,
687

Атырауда 35 жастағы ер адам заңсыз брондалған барлау-шолғыншы машинасын (БРДМ-2) сатуға тырысқан. Бұл туралы полицияға жедел ақпарат түсіп, ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс – шарасын жүргізді. Олар 1986 жылы туған азаматқа тиесілі әскери машинаны тауып, тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Айта кетейік, 25 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізілуде. Мемлекет азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеген.

Предыдущая запись
В Караганде внедрили новый способ удаления межпозвоночных грыж
Следующая запись
Батыс Қазақстан облысы: көпбалалы ананың өліміне кінәлі дәрігер жазадан құтылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню