«Бұйрық қабылданды»: Оқушылар енді жазғы демалысқа 1 маусымда шығады

Теги: ,
314

Қазақстандық оқушылардың мектепте білім алу уақыты екі аптаға созылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова Facebook парақшасында жазды.

«ҚР Оқу-ағарту министрінің жаңа 2022-2023 оқу жылын бастау жөніндегі бұйрығы қабылданды. Жаңа оқу жылы 36 оқу аптасынан тұрады. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. Жаз бойы балалар демалады» делінген жазбада.

Оқу жылындағы демалыс күндері:

— 1–11 сыныптарда: күзгі – 7 күн (2022 жылғы 31 қазаннан 6 қарашаға дейін ), қысқы – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін), көктемгі– 9 күн (2023 жылғы 18 наурыздан 26 наурызға дейін);

— 1 сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (2023 жылғы 6 ақпаннан 12 ақпанға дейін). Яғни, жаңа оқу жылында бірінші сынып балалары 35 апта, ал 2-11 сынып оқушылары 36 апта оқиды.

Предыдущая запись
Түркістандық қойшы иесінің 13 бас малын сатып жіберген
Следующая запись
«20 жылда 200 млн ұтылған»: Маңғыстауда лото клубты өртеген жігітке сот үкімі шықты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню