Қазақстан аумағын заңсыз кесіп өткен шетелдік шекара қызметіндегілерге аңшы қаруымен оқ атты. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметіндегілер хабарлады.
Оқиға 24 тамызда кешкі уақытта болған. Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің шекарашылары Кеген ауданындағы Іле Алатауы жотасының таулы шатқалдарының бірінен мемлекеттік шекараны бұзып өткен шетел азаматын ұстады.
«Шекара нарядының тоқта және құжатыңды көрсет деген талабын естіген ол өзінің аңшы қаруымен әскери қызметшілерге қарай оқ атып, қарсылық көрсеткен және ізін суытуға тырысқан. Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды» делінген ведомство ақпаратында.
Әскерилердің өмірі мен денсаулығына зиян келмеген. Олар ары қарай таулы учаскелерді күзету бойынша қызметтерін жалғастырған.
Әскери қызметшілердің көрсеткен ержүректігі мен батылдығын ескере отырып, оларды көтермелеу мәселесі қаралып жатыр екен.